
2026 жылғы 31 тамыз, Вильнюс – Елші Тимур Оразаев Литваның көлік және коммуникация министрінің орынбасары Лукас Пашкявичюспен кездесті.
Тараптар көлік және логистика саласындағы Қазақстан-Литва ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде халықаралық автомобиль тасымалының, рұқсат алмасудың және электрондық жүйеге көшу мүмкіндігінің перспективаларын, сондай-ақ жүк тасымалына қатысты нақты практикалық мәселелерді талқылады.
Халықаралық автомобиль тасымалына рұқсат беру жүйесін цифрландыруға және Қазақстанның бірқатар шетелдік серіктестермен (Түркия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия) ынтымақтастық тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Тараптар көлік агенттіктерінің тиісті мамандары арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Елші екі тарапты Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі көлік бағыттарының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) динамикалық дамуы, сондай-ақ елдің инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту туралы хабардар етті. Литвалық серіктестер Астанада өтетін TransLogistica Kazakhstan халықаралық көрмесіне мен New Silk Way халықаралық көлік және логистика бизнес форумға қатысу аясында Орта дәлізді дамытуға және ірі инвестициялық жобаларға белсендірек қатысуға шақырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1283815?lang=ru

Жауап қалдыру