КҮЗГІ КӨГАЛДАНДЫРУ: ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күзгі экологиялық айлық аясында елордалық Байқоңыр ауданының аумағында кешенді көгалдандыру және жасыл аймақтарды жаңарту жұмыстары жоспарланған.

Көгалдандыру жұмыстары Абай даңғылында, Кенесары, Пушкин және Ташенев көшелері бойындағы қоғамдық кеңістіктерде жүргізіледі және елорда климатына төзімді 500-ге жуық жасыл желек түрлерін отырғызу қарастырылған. Олардың қатарында үйіңкі түрлері, жасыл шетен, ұсақжапырақты қарағаш, қызыл тал және мамыргүл сияқты ағаш-бұта түрлері бар.

Бұл бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, жыл басынан бері аудан аумағында барлығы 2000-нан аса жасыл желек отырғызылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1283279?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді