
1.Сұрақ: Сырттай немесе қашықтықтан проактивті куәландыру кезінде сараптамалық қорытынды қандай мерзім ішінде шығарылады, және егер Медициналық әлеуметтік сараптама актісінің жобасы сағат 16:00 – ге кейін келіп түскен болса, осы мерзімнің басталуы қалай есептеледі ?
Жауап: Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, сараптамалық қорытынды медициналық-әлеуметтік сараптама актісінің жобасы қашықтықтан проактивті куәландыруға келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде шығарылады.
Медициналық – әлеуметтік сарптама актісінің жобасы сағат 16:00 – ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
2.Сұрақ: Медициналық әлеуметтік сараптаманың әдістемесі мен бақылау бөлімінде шағым бойынша Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қандай мамандар шақырылады және қандай мақсатта?
Жауап: Медициналық әлеуметтік сараптаманың әдістемесі мен бақылау бөліміне шағымдану кезінде № 031/у нысанында көрсетілген диагнозды және функционалдық бұзылыстар дәрежесін нақтылау мақсатында консультанттар (кардиологтар, онкологтар, офтальмологтар, педиатрлар, психологтар және басқа да бейінді мамандар) шақырылады.
3.Сұрақ: Медициналық әлеуметтік сараптаманы кім жүргізеді және аудио-бейнежазбаның жүргізілуі міндетті ме? Оның сақтау мерзімі қандай?
Жауап: Медициналық әлеуметтік сараптама ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды көзбе-көз тексеру, организм функцияларының бұзылуы және, оның ішінде еңбекке қабілеттіліктің шектелуін бағалау арқылы бөлім басшысы және кемінде екі, бас маманның қатысуымен жүргізіледі. Көзбе-көз тексеру кезінде бейне немесе аудиожазба міндетті түрде жүргізіледі. Ол сараптама жүргізілген күннен бастап кемінде 4 ай сақталады.
Бейнероликтен толығырақ көріңіз:
https://www.instagram.com/reel/DcuwioioLpq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1283318?lang=ru

Жауап қалдыру