Мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы ісқимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Б. Багисов №101 мектеплицейіне барды.

Білім күніне орай оқушылармен есірткінің таралуының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өтті.

Кездесу барысында Б. Багисов оқушыларға есірткі қолданудың кері салдары туралы айтып, күмәнді ұсыныстарға ермей, әрдайым саналы таңдау жасауға шақырды.

Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, білім алуға ұмтылу, спортпен айналысу және өзін-өзі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жастардың бүгінгі таңдауы олардың болашағына, сондай-ақ еліміздің келешегіне тікелей әсер ететіні атап өтілді.

Сонымен қатар оқушыларға «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қатысудың маңыздылығы түсіндірілді. Аталған бастама тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және өз қаласы мен еліне жауапкершілікпен қарауға бағытталған.

Іс-шара соңында оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, биік жетістіктер және алға қойған мақсаттарына жету жолында табыс тілектері білдірілді. Денсаулығы мықты, білімді және саналы ұрпақ – Қазақстанның жарқын болашағының негізі екені атап өтілді

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1283680?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді