МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ: КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ
Әлеуметтік қолдау әр азаматқа дер кезінде жетіп, нақты қажеттілігіне сай көрсетілуі керек. Өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасы мемлекет көмегін сезініп, ертеңгі күнге сеніммен қарауы тиіс.
Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның негізінде әділдік, объективтілік және ашықтық қағидаттары жатыр.
Маңызды өзгерістердің бірі – мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректеріне негізделген мұқтаждықты бағалаудың цифрлық тетігін енгізу. Бұл тәсіл әлеуметтік қолдауға мұқтаждықты айқындау рәсімдерін жеңілдетіп, шешім қабылдау барысында адами фактордың ықпалын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Отбасының әл-ауқат деңгейін бағалау кезінде бір ғана көрсеткіш емес, әлеуметтік-экономикалық факторлардың жиынтығы ескеріледі. Атап айтқанда, отбасының табысы, материалдық жағдайы, жұмыспен қамтылуы және тұрғын үй жағдайы назарға алынады.
Бұл отбасының нақты мұқтаждық деңгейін неғұрлым объективті айқындап, мемлекеттік қолдауды оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе әлеуметтік көмек көрсету тетігін неғұрлым әділ, ашық, түсінікті және атаулы етуге, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.
▶️ Мұқтаждықты бағалаудың жаңа тетігі қалай жұмыс істейді және оның қазақстандық отбасылар үшін маңызы қандай? Бұл туралы толығырақ бейнематериалдан көріңіздер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1283776?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді