
Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен жоспар-кестеге сәйкес психологиялық отты жолақта арнайы жаттығу өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің жоғары температура, түтін және ашық от жағдайында әрекет ету дағдыларын жетілдіру, физикалық және психологиялық төзімділігін арттыру. Жаттығу барысында жеке құрам қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, белгіленген тапсырмаларды орындап, кәсіби шеберліктерін шыңдады. Мұндай жаттығулар өрт сөндірушілердің жауынгерлік дайындығын арттырып, төтенше жағдай кезінде жедел әрі батыл әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1283281?lang=ru

Жауап қалдыру