Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалындағы демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында демалушыларға табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты тек арнайы белгіленген орындарда жағу, сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамау жөнінде ескертілді. Сонымен қатар тау өзендері мен су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі айтылды. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 қызметіне хабарласу керектігі ескертілді.
Жауап қалдыру