Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызмет атқарады. Мекенжайы: 150007, СҚО, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 23, тел. 8(7152) 46-43-27, 46-48-13.
Үміткерлерге қойылатын талаптар жоғары білімді, сондай-ақ мынадай талаптардың бірін қамтиды: 1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және экономика/қаржы және бизнес және басшы лауазымындағы құқық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Кандидат осы хабарландыру басылып шыққан күннен бастап 30 күн ішінде мына мекенжайға: Петропавл қаласы, Театр көшесі, 56а, 23 кабинетке келесі құжаттарды ұсынады (еркін формада) ;
- конкурсқа қатысу жөнінде өтінішін (еркін формада);
- мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндемесін;
- өмірбаянын (еркін формада);
- кандидаттың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- жоғары білімі жөніндегі құжаттың көшірмесін;
- Кодекстің 35-бабына сәйкес еңбек еткенін растайтын құжаттардың көшірмесін;
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілген сотты болмағандығы және жемқорлық құқық бұзушылығы болмағандығын растайтын құжаттарды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ тағайындау туралы құжаттардың, ғылыми басылымдардың, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан мінездеме көшірмесін) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.
Кандидат конкурсқа өтінім тұпнұсқасын конвертке салып, «Түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мекенжайы көрсетілуі қажет. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынады.
Ішкі және сыртқы конверттерде:
1) шақыруда немесе кезеңдік баспадағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша сәйкес саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануы;
2) «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және 2026 жылғы «30» қыркүйек сағат 17:00 дейін ашпаңыз» сөздері болу қажет.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жолданылады.
Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс Петропавл қаласы, Театр көшесі, 56а, 23 кабинеті мекенжайы бойынша 2026 жылғы «09» қазан сағат 17:00 өткізіледі.
Анықтамалар алуға арналған телефон: 46-94-91
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zdrav/press/news/details/1283564?lang=ru

Жауап қалдыру