Өскемен қаласында ядролық объектілердегі қолжетімділікті бақылау жүйелерін функционалдық тестілеу бойынша оқу курсы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24–29 тамыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Дағдарысқа қарсы оқу орталығының базасында «Ядролық объектілердегі қолжетімділікті бақылау жүйелерін функционалдық тестілеу» тақырыбында оқу курсы өткізілді.

Іс-шара «Бірлескен қатерді азайту» бағдарламасы шеңберінде Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі Қатерді азайту агенттігінің және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен ұйымдастырылды.

Оқытуға Комитеттің, ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Үлба-ТВС» ЖШС және «Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты» ЖШС мамандары қатысты.

Курстың негізгі мақсаты – ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, қолжетімділікті бақылау жүйелерінің функционалдық сынақтарын жоспарлау, жүргізу және құжаттау бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ ядролық қондырғылардың физикалық қорғау саласындағы білім деңгейін арттыру.

Курсты өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін одан әрі арттыруға және Қазақстан Республикасының ядролық қондырғыларының ядролық физикалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіріп, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1283476?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді