Прокуратура Ұзынкөл ауданындағы ауыл шаруашылығы жер бөлінісінде бұзушылықтарды анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұзынкөл аудандық прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын талдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша конкурс өткізу кезінде өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Ұзынкөл ауданы әкімшілігінің жер комиссиясы конкурс қорытындыларын шығару кезінде жекелеген қатысушыларға ауданда 5 жылдан астам тұрғаны үшін қосымша балдарды негізсіз есептегені анықталды.

Сонымен қатар, комиссия конкурсқа лоттардың бірі бойынша шет мемлекеттің азаматымен некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматы қатысқанын ескермеді.

Ал, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншігіне немесе жер пайдалану құқығымен берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылды. Жер комиссиясы отырысының хаттамасы жойылды, ал жалпы ауданы 1129 га 7 жер учаскесі шаруа (фермер) шаруашылығын жүргізу мақсатында азаматтарға беру үшін конкурсқа қайта қойылады.

Облыстық прокуратура органдарының жер мәселесі саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы жалғасуда.

                                            Қостанай облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1283404?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді