Қала әкімі алғашқы қоңырау салтанатына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күні. Биыл Ақтау қаласында 7 500-ден астам жас өрен мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Балалардың жүрегіне қуаныш сыйлайтын айтулы мерекеде шаһар басшысы Әбілқайыр Байпақов 19-шағын ауданда орналасқан №32 «Келешек мектебіне» барып, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Салтанатты шараға ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Қала әкімі білім беру саласындағы ұстаздардың маңызды рөліне тоқталып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді.

– Президентіміздің тапсырмасымен соңғы жылдары қаламыздан ашылған мектептер заманауи үлгіде жасақталып, оқушылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Бүгін, міне, осы мектеп табалдырығын 12 бірінші сынып оқушысы алғаш рет аттап отыр. Бұл – үлкен қуаныш. Осы орайда барша ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыс тілеймін, – деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Айта кетейік, №32 орта мектебіне биыл 3 мыңға жуық оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылында білім ордасында 12 бірінші сынып жасақталды.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1283619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді