
2026 жылғы 1 шілдеден бастап қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңартылған үлгілік қағидалары күшіне енді. Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы №306 бұйрығымен бекітілді. Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үйлер мен мүлік иелері өздеріне тиесілі аумақпен қатар, нысанға іргелес 5 метрге дейінгі аумақтың санитариялық тазалығы мен абаттандырылуына жауапты. Атап айтқанда, аталған аумақ қоқыстан, арамшөптен, қураған шөптен және басқа да ластанудан таза ұсталуы тиіс.
Сондай-ақ құрылыс материалдарын, отынды, тыңайтқыштарды және басқа да заттарды қоршаудың сыртына немесе көшеге ұзақ уақыт орналастыруға жол берілмейді. Құрылыс және тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылуы қажет. Тұрғын үйлердің қасбеті мен қоршауы таза әрі жинақы ұсталып, үйдің нөмірлік белгісі болуы тиіс.
Абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша ескерту немесе 20 АЕК-тен басталатын айыппұл салынады.
Осы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі
жеке тұрғын үйлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс шара барысында нысандарға іргелес 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығы тексеріліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-saryozek/press/news/details/1283414?lang=ru

Жауап қалдыру