
1 қыркүйек күні сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін «Avenue» сауда-ойын-сауық орталығында «Қолжетімді құқық аумағы» атты көшпелі консультациялық акция өтеді.
Акция барысында қала тұрғындары құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтарды мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ жеке сот орындаушысына тікелей қоя алады.
Акцияға төмендегі мекемелердің өкілдері қатысады:
– Абай облысының прокуратурасы;
– Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
– Абай облысының Полиция департаменті;
– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті;
– Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
– Абай облысының Әділет департаменті;
– Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы;
– Абай облысының Білім басқармасы;
– Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы;
– Семей қаласының әкімдігі;
– жеке сот орындаушы.
Өтетін орны: «Avenue» сауда-ойын-сауық орталығы
Күні: 1 қыркүйек
Уақыты: 17:00–18:30
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1283642?lang=ru

Жауап қалдыру