1 қыркүйек қарсаңында қала прокуроры балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқуда табыс, жаңа білім және жақсы достар тіледі.
Балаларға сыйлықтар табысталып, прокурор оларға жаңа оқу жылына нық қадам басып, білімге қызығушылықпен ұмтылып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.
Степногорск қаласының прокуратурасы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, олардың әл-ауқатына бағытталған бастамаларды қолдайды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1283764?lang=ru

Жауап қалдыру