Таразда Білім күні қауіпсіздік сабақтарынан басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында жаңа оқу жылы қауіпсіздіктің маңыздылығын еске салудан басталды. Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала мектептерінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысып, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Кездесулер барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын және күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салды. Атап айтқанда, өрт шыққан кездегі тәртіп ережелеріне, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет етуге, отпен ойнауға жол бермеуге, сондай-ақ үйде және мектепте қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды. Құтқарушылар оқушыларды әрдайым сақ болып, жауапкершілік танытуға, өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1283558?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді