
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Баржиковтың нұсқауына сәйкес, бөлімнің жеке құрамы аумақта сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Полиция қызметкерлері өз аумағын тазалап, қоршаған ортаны күтіп ұстауға және абаттандыруға үлес қосты.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға және туған өлкенің көркеюіне өз үлесін қосуы қажет.
https://www.instagram.com/reel/DcoUhRxq_aJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283693?lang=ru

Жауап қалдыру