Туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының ведомствоаралық өзара іс-қимылы аясында туберкулездің алдын алудың өзекті мәселелеріне арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға облыс қалалары мен аудандарындағы білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының өкілдері қатысты.

Семинар барысында мамандар балалар арасында туберкулезді ерте анықтау, профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

Ауруды дер кезінде анықтау және туберкулездің таралуын болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1283908?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді