Зейнетке шығар алдында құжаттарды қашан тексерген дұрыс.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құжаттарды тек зейнетке шығатын кезде тексеруді кейінге қалдырмаған жөн.

Алдын ала мына жеке құжаттардағы мәліметтерді тексерген жұрыс болады:

  • еңбек кітапшасындағы жазбалардың дұрыстығын және жұмыс кезеңдерінің көрсетілуін; жазбалардағы мөрдің болуы;
  • еңбек өтілі туралы мәліметтерді;
  • зейнетақы жарналары туралы мәліметтердің бар-жоғын;
  • білім туралы құжаттарды және зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде маңызы болуы мүмкін басқа да құжаттарды.

Егер еңбек кітапшасында қажетті жазбалар болмаса, түзетулер немесе қателер кездессе не құжат жоғалған болса, еңбек өтілі мұрағат анықтамаларымен расталуы мүмкін.

Жекелеген жағдайларда еңбек өтілі фактісі сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.

Сондықтан құжаттарды зейнет жасына толғанға дейін алдын ала тексерген дұрыс. Бұл жетіспейтін мәліметтерді уақытында қалпына келтіруге және зейнетақыны рәсімдеу кезінде туындауы мүмкін қосымша қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Есте сақтаңыз: құжаттарыңыз бен зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді неғұрлым ертерек тексерсеңіз, анықталған сәйкессіздіктерді жоюға соғұрлым көп уақыт қалады.

Егер еңбек өтілін есептеу немесе растау бойынша сұрақтарыңыз болып кеңес алу керек болса 1414 байланыс орталығы арқылы және тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе Ұлытау облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінен кеңес алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1283652?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді