
Жетісу облысында Алматы, Тараз қалалары мен облыс өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен «Бірлік пен келісім» фестивалі өтті.
Фестивальде Қазақстанда тұратын түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылды. Көпшілік олардың халық әндері мен билерін тамашалап, фольклорлық және хореографиялық қойылымдарды көрді. Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге негізделген бағдарлама фестивальдің мазмұнын байыта түсті.
Іс-шара барысында қазақ, орыс, татар, украин және Кавказ халқының билері мен әндері орындалды. Сахнада жас домбырашылар қазақтың күйлерін шертті. Бағдарламада тәжірибелі өнерпаздар мен жас орындаушылар өз өнерін ортаға салды.
Кеш соңында барлық қатысушы сахнаға шығып, бірге өнер көрсетті. Әр халықтың мәдениетін бір арнаға тоғыстырған бұл көрініс бірлік пен достық идеясын айшықтай түсті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1283771?lang=ru

Жауап қалдыру