
Жетісу облысында ҚХР шекарасы маңында орналасқан Достық станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзал 1961 жылы салынған. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 158 адамды құрайды. Станция арқылы Алматы, Ақтоғай, Балқаш, Қарағанды және Астана бағыттарында жүретін 14 жолаушылар пойызы өтеді.
Қайта құру барысында вокзал ғимараты, шатыр және инженерлік желілер жаңартылды. Үй-жайлардың ішкі және сыртқы безендірілуі жүргізілді. Перрон қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды.
Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде орындалды.
Қайта құрудан кейін вокзал жолаушылар қауіпсіздігі мен жайлылығына қойылатын заманауи талаптарға сай келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1283954?lang=ru

Жауап қалдыру