Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаттарының салтанатты ашылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы чемпионаттарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

  Салтанатты шараға Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, ҚР ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту жөніндегі үйлестіруші Мақсұт Есполов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, командалар өкілдері, бас төрешілер алқасы, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.

  Ашылу рәсімі барысында чемпионат қатысушыларына ізгі тілектер айтылып, спортшыларға сәтті өнер көрсету, жоғары нәтижелер мен әділ бәсеке тіленді.

  Чемпионаттарға ерлер арасында 22 және әйелдер арасында 15 команда қатысуда. Қатысушылардың жалпы саны – 356 адам. Олардың қатарында спортшылар, жаттықтырушылар, командалар өкілдері және төрешілер құрамы бар.

  Чемпионат барысында спортшылар өрт сөндіру-құтқару спортының төрт дисциплинасы бойынша бақ сынайды:
– шабуыл сатысымен көтерілу;
– 100 метрлік кедергілер жолағынан өту;
– 4×100 метрлік өрт эстафетасы;
* жауынгерлік қанат жаю.

  Ұлытау облысында республикалық чемпионаттардың өткізілуі – еліміздің үздік спортшылары үшін өз шеберлігін, жылдамдығын, төзімділігі мен кәсіби дайындығын көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды спорттық оқиға.

  Чемпионат қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен командалар анықталып, әлем чемпионаттарына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұлттық құрама командаларының құрамына үміткерлер іріктеледі.

  Ертең жарыстың алғашқы күні Ұлытау облысы ТЖД 1-МӨСБ базасында «шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1283966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді