🏫✨ БОЗТОҒАН АУЫЛЫНДА ЖАҢАРҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ! 🎉

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏫✨ БОЗТОҒАН АУЫЛЫНДА ЖАҢАРҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ! 🎉

📚 Білім күні қарсаңында Көксу ауданының Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты Бозтоған ауылындағы 784 орындық мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, оқушылар игілігіне пайдалануға берілді. 👏

🎊 Салтанатты шараға аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады. 💐

👩‍🏫👨‍🎓 Жаңарған білім ордасында жаңа оқу жылын 475 білім алушы қарсы алды. Оның ішінде:
📌 432 оқушы;
📌 мектепалды даярлық сыныбында 43 тәрбиеленуші білім алады.

🔹 Мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды.

🏀 Спорт залы
📖 20 орындық кітапхана
🎭 102 орындық акт залы
🍽️ 90 орындық асхана
🔬 Физика, химия, биология пәндеріне арналған жаңа модификациялы кабинеттер оқушылар игілігіне берілді.

🏗️ Күрделі жөндеу жұмыстарын «СП NEFT» ЖШС жүргізді.

🎓🌟 Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Барша ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында толағай табыс, биік жетістіктер, шығармашылық ізденіс және жарқын жеңістер тілейміз! 💐📚🏆

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1284026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді