
1 қыркүйек Есіл ауданының барлық мектептерінде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Білім күніне орай аудан әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы №85 мектеп-лицейіне барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Әсіресе бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше. Ал мектеппен қоштасар сәті жақындаған 11-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар кезеңнің белгісі.
Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бастауыш сынып оқушыларына жоғары сынып оқушылары ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік шара соңында аудан әкімі мектептің материалдық-техникалық жағдайымен танысып, білім ордасының тыныс-тіршілігін көрді. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының алғашқы күнінде ұйымдастырылған ашық сабаққа қатысып, ұстаздар мен оқушылардың оқу процесін бақылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-esil/press/news/details/1284037?lang=ru

Жауап қалдыру