
Ақтөбеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға — шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы өтті.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан төрағалық еткен жиынға зиялы қауым, ақын-жазушылар, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, сарапшылар, жас ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері айтқан таңдаулы сөздері, кітаптары мен мақалаларындағы іргелі ой-тұжырымдары топтастырылған. Кітап 21 тақырыпқа бөлініп, онда мемлекет пен қоғамның дамуы, заң мен тәртіп, білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, жастар және цифрландыру сияқты өзекті мәселелер қамтылған.
Кездесу барысында кітаптың негізгі идеялары, тарихқа құрмет, Отанға адалдық және ел игілігі жолындағы ұстанымдар жан-жақты талқыланды.
Ақын, жазушы, публицист, «Парасат» орденінің иегері Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ертай Ашықбаев және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров кітаптың мазмұны жөнінде пікір білдірді.
Талқылауда кітаптағы қоғамдық даму, білім, ғылым, мәдениет және ұлттық құндылықтарға қатысты ойлардың өзектілігі атап өтілді. Сондай-ақ жастардың қоғамдағы рөлі мен ел болашағына қатысты мәселелерге назар аударылды.
«Әділетті қоғамға — шыншыл сөз» жинағы — азаматтық жауапкершілікті тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін мазмұнды еңбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1284478?lang=ru

Жауап қалдыру