
«Әсемпаз болма әрнеге» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды! 🌟
Ұлы Абайдың мұрасын дәріптеу және Абай күніне орай, Сырым ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері (4–5 жас) арасында «Әсемпаз болма әрнеге» республикалық мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі 5 тамыз күні өткізілді.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
🥇 І орын: Біржанқызы Іңкәр (4 жаста) – «Балдырған» балабақшасы. Жетекшілері: Р.Жанклишева, З.Самат.
🥈 ІІ орын: Ильяс Ұлболсын (4 жаста) – «Сұлу-Ай» жеке бөбекжай-бақшасы. Жетекшісі: Г.Бегдовлет.
🥈 ІІ орын: Мұхиттен Хантөре (5 жаста) – Қособа МББК. Жетекшісі: А.Бискалиева.
🥉 ІІІ орын: Исатай Ирада (5 жаста) – Бұлан МББК. Жетекшісі: С.Бахтыгазиева.
🥉 ІІІ орын: Өмір Бақберген (4 жаста) – Көгеріс НОМ. Жетекшісі: Ф.Букенбаева.
Жүлдегерлер аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады. Ал І орын иегері Біржанқызы Іңкәрдің жұмысы облыстық кезеңге жолданды.
Кішкентай бүлдіршіндеріміз бен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
https://youtu.be/GbQdIKUXLbs?feature=shared
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284419?lang=ru

Жауап қалдыру