
Әуезов ауданында екі жаңа балабақша ашылды
Жаңа оқу жылы Әуезов ауданында қуанышты жаңалықпен басталды. 1 қыркүйек – Білім күніне орай ауданда екі жаңа мектепке дейінгі ұйым салтанатты түрде ашылды.
«Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық №206 бөбекжай-балабақшасы, ал 10-шағын ауданда 160 орындық №205 бөбекжай-балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.
Жаңа нысандар 280 баланы мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуға мүмкіндік береді. Мұнда бүлдіршіндердің білім алып, жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Жаңа балабақшалар бүлдіршіндердің шат күлкісіне толы болсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1283969?lang=ru

Жауап қалдыру