Әуезов ауданындағы 54 мектепте де жаңа оқу жылы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталып, алғашқы қоңырау соғылды. Әуезов ауданындағы 54 мектепте де жаңа оқу жылы басталды. Биыл аудан бойынша 59 мыңнан астам оқушы білім алса, олардың 5 мыңға жуығы алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары.

Өткен оқу жылы аудан оқушылары үшін толағай жетістіктерге толы болды. 4 мыңнан астам түлек мектеп бітіріп, олардың 191-і «Алтын белгі» иегері атанды. Қалалық пәндік олимпиадаларда 465 оқушы жүлделі орындарға ие болса, 101 оқушы республикалық деңгейде аудан намысын қорғады.

Оқушылардың әрбір жетістігінің артында олардың табандылығы мен ізденісі, ұстаздардың кәсіби еңбегі және ата-аналардың қолдауы тұр.

Барша оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Жаңа оқу жылы жаңа білімге, жарқын мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1283967?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді