
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 5-6 қыркүйекте Almaty Pop Up Store өтеді. Бұл Қазақстанның әр қаласынан 50-ден астам дизайнер мен кәсіпкерді біріктіретін жергілікті брендтер фестивалі.
Бір алаңда киім мен аксессуарлар, әшекей бұйымдар, интерьер заттары, косметика, үйге арналған тауар және авторлық жобалар ұсынылады. Бағдарламада сондай-ақ гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары және музыкалық қойылымдар бар.
Екі күн бойы сахнада Lelya, Adina Topash, Kezeñ, Kyle Ruh, menrasaitam және Erlan.smp өнер көрсетеді.
Фестиваль сән, дизайн, қолөнер және креативті индустрияның өзге де бағыт өкілдерін біріктіріп, заманауи қазақстандық брендтермен және олардың авторымен танысуға мүмкіндік береді.
Almaty Pop Up Store сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1284274?lang=ru

Жауап қалдыру