«Ардагер сыйға тартқан кітап»: ШҚО ПД-да жас полиция қызметкерлеріне арналған республикалық акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ардагер сыйға тартқан кітап»: ШҚО ПД-да жас полиция қызметкерлеріне арналған республикалық акция өтті 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ұрпақтар сабақтастығы» және «Ұлттық құндылықтар» жобалары, сондай-ақ «Зерделі ұлт» бастамасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде маңызды шара ұйымдастырылды.

Кездесуді ШҚО ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Ғалиұлы Удербаев ашты. Жас буын өкілдеріне сөз сөйлеп, былай деп атап өтті:

«Кітап – адамды ойлануға, ізденуге және білімін жетілдіруге жетелейтін рухани қазына. Жас қызметкерлердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – біздің ортақ міндетіміз. Өзім оқыған, тағылымы мол кітапты кейінгі буынға сыйға тарту арқылы олардың рухани дамуына аз да болса үлес қосуды жөн көрдім».

Акция барысында ардагерлер жас қызметкерлерге естелік қолтаңбалары мен жүрекжарды тілектері жазылған кітаптарды сыйға тартты.

Мұндай бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда, патриотизм рухында тәрбиелеуде және жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулуда маңызды қадам болып табылады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1284511?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді