АУДАН ӘКІМІ «АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАН ӘКІМІ «АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
 
Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген. Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесінде Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тұрышбек Елшібаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Толқын Айгенжиева Жетісай қаласындағы №75 жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.
 
«Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін білім ұяларының табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді мейіріммен, үлкен дайындықпен қарсы алады. 1-қыркүйек айтулы мереке ғана емес, бұл еліміздің болашағы үшін жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады» деді аудан басшысы.
 
Салтанатты шарада ел ағалары оқушылар мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жақсы білім мен тәрбие алуларына, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.
 
Айта кетейік, өткен оқу жылында аудан мектептерін тәмамдаған 3117 түлектің 2698-і ҰБТ-ға қатысып, 228 бітіруші «Алтын белгі», 247 бітіруші «Үздік аттестат» иегерлері атанған. Жоғары оқу орнына түскен бітірушілердің 927-сі мемлекеттік білім грантын иеленсе, биыл 4300 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1283994?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді