Аудан әкімі аппараттық кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

️Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бөлімдер, қызметтер мен мекемелер басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Кеңес басталар алдында аудан әкімі кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болып Ансағай Смағұлов, ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Ризагүл Асаинова тағайындалды.
Кеңес барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Мансап орталығының 2026 жылдың 8 айындағы көрсеткіштерді орындауы, халықты жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру және мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мәселелері қаралды.
Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша аудан әкімі алдағы жылыту маусымына нысандардың уақытылы, әрі сапалы дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ауылдық округ әкімдеріне егін жинау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Кеңес барысында жаңа оқу жылының басталуына байланысты балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Тиісті қызметтерге білім беру ұйымдарының маңында орналасқан жол белгілері мен жол инфрақұрылымының басқа да элементтерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1284504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді