АУДАНДА 524 БҮЛДІРШІН АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Махамбет ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа 2026–2027 оқу жылына қадам басылды.
 
Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев Оңай Шонаев атындағы орта мектепте өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
 
-Сіздерге жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Әр шәкірттің жетістігі – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Білімге ұмтылыңыздар, ізденуден жалықпаңыздар. Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! – деді аудан әкімі.
 
Жаңа оқу жылында аудан бойынша 524 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданып, білім жолындағы алғашқы қадамын жасады.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн – ерекше толқыныс пен қуанышқа толы сәт.
 
Салтанатты жиында алғашқы ұстаздарына жолығып, мектеп өміріне қадам басқан жас өрендерге ақжолтай тілектер айтылып, білім әлеміне бастар алғашқы қоңырау үні күмбірледі.
Барша білім саласының қызметкерлерін, ата-аналар мен оқушыларды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймыз!
 
Жаңа оқу жылы шығармашылық ізденіске, жаңа мүмкіндіктер мен толағай жетістіктерге толы болсын!
Барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық, ал оқушыларға сапалы білім, биік мақсат және жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-mahambet/press/news/details/1284312?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді