АЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен Д және Е санатындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жұмыстарын пысықтау бойынша жиын өтті.
Жиынға ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты. Кездесуде Д және Е санатындағы отбасыларды өзектендіру барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралып, алдағы міндеттер нақтыланды.
Аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына 25 қыркүйекке дейін балабақшаға тіркелмеген балаларды анықтап, олардың білім беру ұйымдарына қамтылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтап, оларға қажетті көмекті ұйымдастыру, оның ішінде мектеп тарапынан көрсетілетін қолдауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
Жауапты тұлғаларға белгіленген жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындап, Д және Е санатындағы отбасылар бойынша бекітілген жоспардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1283981?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді