
Демалыс күндері Түркістан облысы ТЖД-нің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға бағытталған профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аралау барысында ата-аналармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі терезелерге балалардың өздігінен ашуына жол бермейтін арнайы блокираторлар орнатылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1284317?lang=ru

Жауап қалдыру