БАЛАЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ – ЕЛГЕ ЖАСАЛҒАН ИГІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жақсылық – жүректен басталып, елге тарайтын ізгі іс. Осындай сауапты істің жарқын үлгісін көрсетіп, туған жері – Ақадыр кентінің балаларына жыл сайын қолдау білдіріп келе жатқан жерлесіміз, «Astana Motors» компаниялар тобының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов мырзаға алғысымызды білдіреміз.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Нұрлан Смағұловтың демеушілігімен Ақадыр кентіндегі үш жалпы орта білім беретін мектепте оқитын 150 балаға қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды.

Жылдағы дәстүр бойынша қайырымдылық шарасын кентіміздің қоғам белсендісі Бимакаева Алтын Асанханқызы ұйымдастырып, игі істің жүзеге асуына зор үлес қосты.

Балалардың қуанышына ортақ болып, олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау – үлкен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әсіресе, туған жердің жас ұрпағына жыл сайын қамқорлық танытып, қолдау көрсету – көпке үлгі боларлық игі іс.

Осы орайда Нұрлан Смағұлов атындағы қайырымдылық қорына, Нұрлан Смағұлов мырзаға және игі шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз!

Жақсылықтарыңыз еселеніп, әрбір игі бастамаңыз ел игілігіне қызмет ете берсін! Еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, ал жас ұрпаққа жарқын болашақ тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1284200?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді