БІЛІМ БИІГІНЕ БАСТАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БІЛІМ БИІГІНЕ БАСТАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
 
Құрметті ұстаздар! Қадірлі оқушылар, ата-аналар! Ардақты жерлестер!
 
Сіздерді «1 қыркүйек – Білім күнімен» және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
 
Білім күні – әр отбасы үшін айрықша мәні бар, жүрекке жылу сыйлайтын ерекше мереке. Бұл күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіннің қуанышы, жаңа белеске қадам басқан түлектің толқынысы, перзентінің болашағына алаңдайтын ата-ананың үміті мен ұстаздың жауапкершілігі тоғысады. Сондықтан, жаңа оқу жылының алғашқы күні – баршамызға ортақ үлкен мереке.
 
Бүгін мектептерімізде мыңдаған оқушы жаңа оқу жылын бастап, білім мен тәрбие әлеміне қадам басады. Әсіресе, 4300 бүлдіршіннің мектеп табалдырығын алғаш рет аттауы – барша аудан тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Олар үшін алғашқы қоңырау – үлкен өмірге бастайтын жаңа жолдың бастауы.
 
Өткен оқу жылындағы білім саласының нәтижелері де көңіл қуантады. Мектеп тәмамдаған 3117 түлектің 2698-і ҰБТ-ға қатысып, 228 оқушы «Алтын белгі», 247 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. Жоғары оқу орындарына түскен жастардың 927-сі мемлекеттік білім грантына ие болды. Бұл – оқушылардың табанды еңбегі мен ұстаздардың кәсіби ізденісінің, ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
 
Жаңа оқу жылы білім алушылар үшін жаңа білім мен тың мүмкіндіктерге жол ашсын! Ұстаздарымызға шәкірттерінің биік белестерден көрінуіне ықпал ететін шығармашылық ізденіс пен кәсіби табыс, оқушыларымызға талап пен талпыныс, ата-аналарға береке мен қуаныш тілеймін!
 
Биылғы оқу жылында да ауданымыздың білім саласы жаңа жетістіктермен толығып, шәкірттеріміздің жеңісі арта берсін!
 
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін! Алғашқы қоңырау әр шаңыраққа қуаныш, әр мектепке жетістік, әр оқушыға жарқын болашақ әкелсін!
 
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы МАМЫТОВ
Жетісай ауданының әкімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1283990?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді