Білім күні – 2026

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім күні – 2026 | «Адал азамат, зерделі ұлт, жауапты қоғам»
2026 жылғы 1 қыркүйекте білім беру ұйымдарында Білім күніне арналған салтанатты жиын және бірыңғай сынып сағаттары өтті.
✨ Биылғы мерекелік іс-шараның басты тақырыбы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».
🔔 Салтанатты жиында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалып, алғашқы сынып оқушыларына құрмет көрсетілді. 11-сынып түлектері бүлдіршіндерге ақ тілектерін білдіріп, алғашқы қоңырау соғылды.
📚 Сынып сағаттарында оқушылар Конституцияның маңызы, азаматтық жауапкершілік, «Адал еңбек», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Зерделі ұлт» құндылықтары туралы ой бөлісті.
Жаңа оқу жылы білімге ұмтылған, елін сүйетін, жауапты әрі адал ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жаңа жетістіктерге толы болсын! 🇰🇿✨

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1284207?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді