
Кездесу барысында жол қауіпсіздігі, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға «Полиция және балалар» тақырыбындағы бояу парақтары таратылып, балалар өз шығармашылықтарын көрсетті.
Оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1284176?lang=ru

Жауап қалдыру