БӨРЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін – Білім күні. 1 қыркүйек – мыңдаған бүлдіршін үшін білім әлеміне жол ашатын, ұстаздар мен ата-аналар үшін ерекше мәнге ие айтулы күн. Бөрлі ауданында “Келешек мектептері” жобасы аясында 900 орындық Ақсай қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңа білім ордасының ашылуы – Бөрлі ауданының білім беру саласындағы маңызды жаңалықтардың бірі. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектеп оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған STEM, робототехника, визуалды дизайн және хореография кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сенсорлық және инклюзивті кабинеттер заманауи талаптарға сай жабдықталған.

✨ Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктердің бастауы болсын! Барша ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жарқын жетістіктерге және үлкен белестерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1283985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді