
«Білім күніне» арналған іс-шаралар аясында Боранқұл ауылындағы Ішкі істер органдарының ардагері, марқұм Жолдасқали Сатқанбаевтың есімі берілген «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен «Полиция және балалар» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Боранқұл учаскелік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Бексылан Еркебұланұлы Таңатаров арнайы қатысып, жас сақшыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқықтық тәртіпті сақтау және қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жас сақшыларға сыйлықтар табысталып, жаңа оқу жылында үздік жетістіктерге жетіп, білімді, тәртіпті әрі елге адал азамат болып қалыптасуына тілектестік білдірілді.
«Жас сақшы» сыныбы жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, тәртіпке, жауапкершілікке және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DcwCRjVMdGC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1284454?lang=ru

Жауап қалдыру