
КЕНТАУДА БАЛАЛАР АУЛАЛАРДЫ ТАЗАЛАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында плоггинг шарасы ұйымдастырылды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, қоршаған ортаны таза ұстауды және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шараға балалар белсенді қатысты.
Плоггинг барысында балалар спорттық жарыс түрінде жүгіріп, аулалардағы күл-қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бір мезетте қозғалыс пен қоршаған ортаға қамқорлықты ұштастырған шара балалар үшін қызықты әрі пайдалы өтті.
Шара барысында қатысушылар тазалықтың әр адамның күнделікті өмірінен басталатынын түсініп, өз қаласына деген жанашырлықты іспен көрінетінін көрсетті.
Шара соңында балаларға сыйлықтар үйлестіріліп, балмұздақтар таратылды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай игі бастамалар алдағы уақытта жалғасады. Тазалық сақтау баршаға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1284469?lang=ru

Жауап қалдыру