Кешенді оқу-жаттығу: ТЖ қаупі туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында «Бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ туындау қаупі кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдары» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізілді.

Түркістан облысы әкімінің ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес Төлеби ауданында азаматтық қорғау саласы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайларды жою кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің, авариялық-құтқару бөлімшелерінің және өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың практикалық дағдыларын жетілдіру, дайындық деңгейі мен үйлесімді іс-қимылын тексеру, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру.

Кешенді оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесін жетілдіруге, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығын арттыруға бағытталған. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен халықтың практикалық іс-қимылдары пысықталды. Осындай оқу-жаттығуларды өткізу күштер мен құралдардың әзірлік деңгейін тексеруге, жұмысты ұйымдастырудағы ықтимал кемшіліктерді анықтауға және аудан халқы мен аумағының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1284094?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді