
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорова мектеп жасындағы балалар тәрбиеленіп жатқан екі отбасына барды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға демеушілік көмек көрсетіліп, қажетті мектеп құрал-жабдықтары табысталды.
«Мектепке жол» акциясы көмекке мұқтаж балалар мен отбасыларды қолдауға, әрбір баланың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына жағдай жасауға бағытталған.
Жаңа оқу жылы балаларға қызықты жаңалықтар, оқудағы жетістіктер, жаңа достар және өз күшіне деген сенім әкелсін!
Жақсылық жасау – баршамызды біріктіріп, айналамызды мейірім мен жылулыққа бөлейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1284079?lang=ru

Жауап қалдыру