
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметті дамыту және жетілдіру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесуге аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев төрағалық етті. Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Айнұр Енсегенова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Ғабдығапаров, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнагүл Қақиева қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарының үздік түлектерін мемлекеттік қызметке тарту мәселелерін талқылау.
Сонымен қатар аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға білікті жас мамандарды тарту, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау бағыттары сөз болды.
Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мекеме басшылары өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-mahambet/press/news/details/1284319?lang=ru

Жауап қалдыру