Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өңірдегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    «Қайырлы күн, Қызылорда!» телебағдарламасының тікелей эфирінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бөлім басшылары Е. Байдүйсенов пен С. Сақтағанов өңірде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұхбат берді.

  Бағдарлама барысында өңірдегі қауіпті өндірістік объектілерде заңнама талаптары мен техникалық регламенттердің сақталуын мемлекеттік бақылау тетіктері сөз болды. Сонымен қатар өндірістік авариялар мен төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстардың жүзеге асырылуы және еңбек жағдайын жақсарту арқылы өндірістік жарақаттануды төмендету шаралары баяндалды.

    Сұхбат кезінде қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын мекемелердің өндірістік бақылауды жүйелі жүргізу және материалдық-техникалық базаны уақытылы жаңарту бойынша жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерін арнаулы оқу орталықтарында үздіксіз даярлау, қауіпсіздік ережелерін толық меңгерту және оларды күнделікті жұмыс барысында бұлжытпай орындаудың маңыздылығы баса айтылды.

Толығырақ: https://youtu.be/b_wyKQlT5v8?si=hojX_NFFSo-pcxdv

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1284599?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді