
📌 Онлайн-кеңес: Әкімшілік практика және тіркеу мәселелері талқыланды
2026 жылғы 27 тамызда Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Данияр Калиевпен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Александр Сырлыбаев аудандық филиал басшыларымен ZOOM форматында жұмыс кездесуін өткізді.
🔹 Кездесудің негізгі тақырыптары:
* ҚР ӘҚБтК-нің 466-бабы 2-бөлігін қолдану бойынша әкімшілік практика;
* Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары;
* Аудандық филиалдарда құжаттарды қараудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.
Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен ашықтығын арттыруға бағытталған
#ПравительствоДляГраждан #АзаматтарғаАрналғанҮкімет #АлматыОблысы #ЮридическиеЛица #ЗаңдыТұлғалар #ZoomВстреча #КоАПРК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1284034?lang=ru

Жауап қалдыру