
26 тамыз күні Лепсі ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері Лепсі орта мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы» атты танымдық сағат өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат беру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тарихи сананы қалыптастыруға тәрбиелеу.
Шара барысында қатысушылар Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы ақпарат алды. Жазушының ел тарихы, туған жер, ұлттық рух және халық тағдыры тақырыптарын терең бейнелеген шығармалары кеңінен таныстырылды.
Танымдық сағат барысында оқушылар жазушының шығармаларына қызығушылық танытып, өз ойларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1284499?lang=ru

Жауап қалдыру