
Қарағанды облысының оқушылары мен колледж студенттері 1 млн теңге жүлде үшін бақ сынай алады. Өңірде Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі бастамашылық еткен бизнес-идеялар байқауы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға өтінімдер 22 қыркүйекке дейін қабылданады.
Байқауға 18 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Қатысушылар өз идеясын төрт бағыттың бірі бойынша ұсынуы қажет: агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу, IT және жасанды интеллект, робототехника, экология және өңдеу өнеркәсібі.
Алдымен сарапшылар үздік 20 жобаны іріктеп алады. Ал финалға өткен қатысушылар өз идеяларын байқау комиссиясының алдында жеке қорғайды.
Жеңімпаздар саны – төртеу, әр бағыт бойынша бір жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден беріледі. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге.
Өтінім мен жобаның сипаттамасын zh.bektursunova@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет. Байқау қорытындысы 29 қазанда Кәсіпкерлер күніне орай жарияланады.
Байқаудың ережесі мен толық ақпарат Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Telegram-арнасында қолжетімді: https://t.me/business_karaganda.
Байланыс телефоны: 8 701 925 05 77.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1284401?lang=ru

Жауап қалдыру