
Шаңхай қ., 2026 ж. 23 тамыз
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №458 сайлау учаскесінде консулдық округ аумағында жүрген ҚР азаматтары өз конституциялық құқығын пайдаланып, Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Аталған сайлау учаскесінде Бас консулдық азаматтардың еркін ерік білдіруі үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Таң ата қазақстандықтар өз азаматтық қалауын жасау үшін сайлау учаскесіне келді.
Дауыс беруге Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ студенттері, Қытайда жұмыспен жүрген отандастар, сондай-ақ Шаңхайда қызметтік іссапарда және қала арқылы транзитпен өтетін Қазақстан азаматтары қатысты.
Көптеген отандастар үшін елден жырақта жүріп дауыс беру ерекше маңызға ие. Осыған орай, Бас консулдық жанындағы сайлау учаскесі шетелде жүрген азаматтарға өз таңдауын жасауға және еліміздің маңызды қоғамдық-саяси оқиғасына тікелей қатысуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-shanghai/press/news/details/1283989?lang=ru

Жауап қалдыру