
Рияд, 2026 жылғы 1 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Туризм министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Хауазин Насифпен екіжақты келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында тараптар қос мемлекет арасындағы туристік байланыстарды жандандыру, салалық өзара іс-қимылды тереңдету және бірлескен бастамаларды ілгерілету тетіктерін талқылады.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында екі ел арасындағы туристік әлеуеттің қарқынды дамуына тікелей әуе қатынасын одан әрі кеңейтудің стратегиялық маңызы зор екені атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туризм бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1284278?lang=ru

Жауап қалдыру